Махамбет ауданы, Алға ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жайық өзенінің жағалауын абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына 50-ге жуық адам қатысып, өзен жағалауының 3 шақырымға жуық аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сенбілік барысында жағалау аумағы ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – табиғи аумақтарды таза ұстау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, мұндай жұмыстар туған жерге деген жауапкершілікті арттырып, көпшілікті ортақ іске жұмылдырады.
Жайық өзені – ауданның табиғи байлығы. Сондықтан оның жағалауын таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Махамбет ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Алға ауылдық округі әкімі аппараты



