Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Акция барысында қанша келі қоқыс жиналды?

Өткен жексенбіде Атырауда «Таза Қазақстан» жобасы аясында тұрғындар Жайық жағалауын қоқыстан тазартты. Экологиялық акцияға қатысқан 50-ге жуық адам жүгіріп қана қоймай, өздері жүрген жолдағы тұрмыстық қалдықтарды жинады.

Плоггингке қатысушылар Әлиев көпірінен Ретро-саябаққа дейінгі шамамен 4,5–5 шақырым қашықтықты еңсерді. Жол бойынан пластик бөтелкелер, қағаз, фастфуд қалдықтары мен темекі тұқылдары жиналды. Бірнеше сағатқа созылған шара нәтижесінде 182 келі қоқыс шығарылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық жүгіру Атырауда төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Басты мақсат – қаланы тазалау ғана емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген күнделікті жауапкершілігін қалыптастыру.

«Теңізшевройл» компаниясының кен орнын игеруді басқару бөлімінің геологы Гүлжамал Мақсотова бұл бастамаға қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

«Таза Қазақстанның» мәні де осында емес пе?! Демек, тазалықты бір реттік акция емес, күнделікті әдетке айналдырған жөн. Жайық жағалауындағы шараға қатысушылардың әрекеті осы қарапайым қағиданы іс жүзінде көрсетті.

Өз тілшіміз

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT