«Ақ жол» партиясының өкілі Ермек Әбілдин құр уәде беріп қана қоймай, жұмысын нақты істері мен заңнамалық бастамалары арқылы көрсетіп келе жатқанын айтты.
Сондай-ақ ол партияның сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарға жауапкершілікті күшейтуді, салық төлеушінің адалдығы презумпциясын енгізуді және шағын бизнестің мүддесін қорғауды ұсынатынын атап өтті.



