Орал қаласы Жанібек ауданы Жәнібек ауылының тумалары ағайынды Сағындық,Сағынәлі,Елдос он жылдан астам уақыт бойы әскери салада иық тіресе еңбек етіп келеді. Бір бөлімде, бір мамандықта қызмет атқаратын бауырлар үшін бұл жұмыс – жай кәсіп емес, өмірлік миссияға айналған міндет.
Ағайынды Кадимовтар 41433 бөлімінде жауынгерлік дайындық және дене даярлығы жөніндегі нұсқаушылар болып қызмет етеді.Әскери бөлімінің нұсқаушылары – тек кабинетте отыратын адам емес.Ол - жеке құрамды жауынгерлік дайындықта нәтижеге жеткізетін,әскери техниканың әр бөлшегін меңгерген және кез келген сәтте шешім қабылдай алатын кәсіби мамандар. Бүгінде де бөлімнің жауынгерлік дайындығына жауапкершілікпен қарап, әскери қару-жарақ,техниканың әрдайым жауынгерлік күйде болуына үлес қосып жүр.
Ағайынды Кадимовтар – батылдық пен адалдықтың символы. Олар қызметте де, өмірде де бір мақсатқа – адамдардың амандығына қызмет етіп келеді.


