Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Адамгершілік пен құрметті дәріптеген тренинг»

18 мамыр мен 8 маусым аралығында “Отбасындағы зорлық- зомбылықсыз Қазақстан” атты республикалық акция негізінде «Зорлық-зомбылықсыз бір күн» тақырыбында  маусым айының 4 і күні педагог психолог Енлик Карасаева  кіші қызметкерлерге арналған тренинг ұйымдастырды.

 Тренингтің мақсаты – зорлық-зомбылықтың алдын алу, сыйластық пен адамгершілік құндылықтарды насихаттау, бір- біріне  жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылар тақырып бойынша пайдалы ақпарат алып, сұрақтарға жауап алып  өзара тәжірибе алмасты.

Қызықты жаттығулар арқылы өз ойларын ашық жеткізе білді.  Тренинг соңында кері байланыс ретінде бір-біріне жақсы тілектерін тәттілер арқылы жеткізді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT