Сағыз ауылындағы "Бәйгетөбе" атшабар алаңында округ әкімі Асхат Арыстановтың бастамасымен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, нысан аумағында әктеу және сырлау, қоршаулар мен тиісті бөліктерге дәнекерлеу жұмыстары жасалды. Бұл жұмыстарға ауылдық округ әкімдігінің жастары белсене атсалысып, ортақ күшпен атшабар алаңының көркеюіне және оның пайдалануға қолайлы болуына өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ, игі бастамаға қаржылай қолдау көрсетіп, оның табысты жүзеге асуына елеулі үлес қосқан «Сарықұмақ» шаруа қожалығының төрағасы А. Омаровты ерекше атап өткен жөн. Оның жанашырлығы мен белсенділігі қоғам игілігі жолындағы жұмыстарға серпін беріп, көпшілікке үлгі болары сөзсіз.
Өз тілшіміз




