Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды

Тағылымы мол шараға облыс және қала басшылығы, облыстық және интернационалдық жауынгерлер ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Ауған, Тәжік-Ауған соғысы мен Чернобыль апатының ардагерлері және бірқатар мекеме қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар майдангерлер рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар бір минут үнсіздік жариялап, Отан үшін от кешкен ерлердің ерлігін еске алып, олардың батырлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Шараға қатысқан Сағынгерей Аймұратов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы, Жеңіс күнінің маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл мереке жас ұрпақты отансүйгіштікке, елге деген құрмет пен патриоттық рухқа тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады.

“Бұл – тек тарихи дата емес, жастарға рух беретін, елін сүюге үндейтін маңызды мереке. Батырлардың ерлігі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болуы тиіс.” – деді Сағынгерей Аймұратов.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT