Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«50+ Ешқашан да кеш емес» жобасы Құлсарыда жалғасуда

50 жастан асқан азаматтардың жан-жақты дамуына бағытталған «50+ Ешқашан да кеш емес» әлеуметтік жобасы Жылыой ауданында табысты жүзеге асып келеді. Жобаның демеушісі — «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы. 

Жобада 150-ден астам құлсарылық қатысушы түрлі бағыт бойынша тұрақты түрде білім алып, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік алып отыр.Жоба аясында қатысушылар аптасына алты күн домбыра, ағылшын тілі, йога, аэробика, вокал және би сабақтарына қатысады. Бұл бағыттар олардың шығармашылық қабілетін дамытуға, денсаулығын нығайтуға, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға және жаңа орта қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жоба аға буын өкілдерінің психологиялық және эмоциялық жағдайына да ерекше назар аударады. Тұрақты сабақтар мен ортақ іс-шаралар олардың қоғам өмірінен шет қалмай, өздерін белсенді әрі қажет адам ретінде сезінуіне көмектеседі. Қалыптасқан орта қатысушылар арасындағы байланысты нығайтып, жаңа қызығушылықтар мен дағдыларды меңгеруге жол ашады. «50+ Ешқашан да кеш емес» жобасының басты мақсаты – егде жастағы тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, денсаулығын нығайту, белсенді ұзақ өмір сүру мәдениетін қалыптастыру және олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету. Бүгінде жоба қатысушылары тек сабақтарға қатысып қана қоймай, қоғамдық және мәдени шараларға да белсенді араласуда.

 

ТШО компаниясының қолдауымен іске асып жатқан бұл бастама Жылыой ауданындағы әлеуметтік маңызы бар жобалардың біріне айналды. Қатысушылар санының көбеюі мен тұрғындардың қызығушылығы оның қоғам үшін маңызды екенін көрсетеді.Алдағы уақытта жоба бағыттарын кеңейтіп, қатысушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну жоспарланып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT