«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында аудан аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 150 жас бір мезетте тазалық жұмыстарына шығып, қоғамдық орындар мен көшелерді қоқыстан тазартуға, аумақтарды абаттандыруға және санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты.
Жастардың белсенді қатысуы қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілікті арттырып, туған өлкенің көркеюіне бағытталған игі бастамалардың маңызын көрсетті.
К.ӘБІШ



