№143 учаскелік референдум комиссиясының мүшелері түстен кейін аудандық орталық ауруханаға барып, онда денсаулығына байланысты емделіп жатқан 21 адамның дауыс беруіне жағдай жасады.
Сондай-ақ денсаулығына және қарттығына байланысты өтініш берген жеті тұрғынның үйіне дауыс беру жәшігін алып барды. Солардың қатарында биыл 101 жасқа келген ауданның ең қарт тұрғыны – Ұлжан Темірболатова да бар. Бұған дейін өткен сайлаудан, референдумнан қалыс қалмай дауыс беріп келе жатқандығын тілге тиек еткен қарт әже бұл жолы да ел болашағы үшін дауыс бергендігін атап өтіп, аудан халқына ақ батасын берді.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ


