«Сарайшық Upgrade 2026» форумы аясында жасанды интеллект (AI) бағыты бойынша спикер Серікболсын Ұзақбаев атыраулық жастармен кездесіп, қазіргі заманның басты технологиялық трендтері туралы тәжірибесімен бөлісті.
Өз сөзінде ол іс-шараның жоғары деңгейде өтіп жатқанын және жастардың ғылым мен технологияға деген ерекше ынтасын атап өтті:
«Бүгін өтіп жатқан форум маған қатты ұнап жатыр. Ағаларымыз жастарды қолдап, Атырауда жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасап жатқанына өте қуаныштымын. Қатысушылардың ынтасы мен қызығушылығы өте зор. Бұл тек форумның бірінші күні, алда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр», — дейді Серікболсын Ұзақбаев.
Форум аясында жасанды интеллект саласы бойынша өтіп жатқан дәрістер жастардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды игеруіне жол ашады.



