“ШеберFEST - 2026”фестиваліне Өзбекстаннан келген қолөнерші Наргиза Юлдашева Атырауға арнайы Ферғана облысы, Шахрихан ауданынан табан тіреді. Шебер фестиваль көрмесіне табиғи маталардан тігілген ұлттық киімдер мен түрлі қолөнер бұйымдарын алып келген.
Оның айтуынша, фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сондай-ақ Атырау тұрғындарының қонақжайлығы мен жылы ықыласы ерекше әсер қалдырған.
“Фестиваль өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Атырау халқы бізді жылы қарсы алды. Адамдары өте қонақжай әрі ақкөңіл екен. Мұндағы атмосфера да ерекше ұнады. Осындай фестивальдерге жиі қатысып тұруға ниеттіміз”, - деді Наргиза Юлдашева.
Ақтілек Базарбаева


