22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай Атырау қаласында ерекше форматтағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шара өтеді.
Биыл Наурыз алғаш рет үлкен форматтағы мюзикл-шоу ретінде сахналанады. Бұл – өңір мәдениеті үшін жаңашыл әрі ерекше жоба. Қойылымда:
• Ұлттық әуендер заманауи аранжировкамен шырқалады • Қазақ биі мен еуропалық мюзикл эстетикасы үйлесім табады • Дәстүрлі әндер жаңа форматта • Жасанды интеллект көмегімен дайындалған ерекше видеоконтенттер ұсынылатын болады Мерекелік іс-шарада жергілікті өнерпаздармен қатар, «Алатау серілері» тобы және эстрада әншісі Әділет Жауғашар өнер көрсетеді.


