Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры 88-ші театр маусымын қорытындылады

Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театры 88-ші театр маусымын театрдың төлқұжатына айналған тағылымды қойылым – Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» шығармасы желісімен сахналанған «Қош бол, Қараой» спектаклімен салтанатты түрде жапты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қойылымда қазақтың қайсар перзенті, ақын әрі батыр Махамбет Өтемісұлының өмірінің соңғы күндері бейнеленеді. Қараойға жалғыз аттанған Махамбеттің өткен өміріне көз жүгіртіп, күреске толы тағдырын, ел мен жерге деген адалдығын, арман-мұратын ой елегінен өткізуі көрерменге терең әсер сыйлайды.

Спектакльдің режиссері – Мұқанғали Томанов. Басты кейіпкер Махамбеттің бейнесін Мырзабек Макулов сомдаса, Исатайдың рөлін Бекет Зинуллин, хан Жәңгірдің рөлін Ғазиз Сураппаев ойнады.

88-маусым театр ұжымы үшін шығармашылық ізденістер мен табыстарға толы болды. Көрермен назарына бірнеше жаңа қойылым ұсынды. «Махаббат рулеткасы», «Бес бойдаққа бір той», балаларға арналған «Ақыл патшалығы», «Мама Роза», сондай-ақ Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау» спектакльдерінің тұсаукесері өтті.

– Биыл театр үшін жетістікке толы жыл болды. Түрлі фестивальдерге қатысып, жаңа қойылымдардың тұсауын кестік. Театрсүйер қауымға, осы маусым бойы бізбен бірге болып, өнерімізге қолдау көрсеткен көрермендерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Сахна сіздермен сәнді. Жаңа маусымда тың туындылармен, жаңа шабытпен қайта қауышамыз, – деді театрдың бас суретшісі Темірбек Мұхтаров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT