Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда «Шебер – FEST 2026» халықаралық фестивалі өтеді

2026 жылғы 22–23 мамыр күндері Атырау қаласында қолөнер шеберлерінің басын қосатын «Шебер – FEST 2026» халықаралық фестивалі ұйымдастырылады.

 Ауқымды шара Атырау облысы әкімдігі және Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы қолдауымен, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі ұйымдастыруымен өтеді. Фестивальдің басты мақсаты – халықтық қолөнерді дәріптеу, ұлттық мәдениетті насихаттау және шеберлер арасында тәжірибе алмасу. Шараға Қазақстанның әр өңірінен және шет елдерден келген қолөнершілер қатысады. Қонақтар үшін қолөнер көрмелері, шеберлік сағаттары, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, этнофестиваль, ұлттық ойындар мен концерттік бағдарламалар жоспарланған. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT