Өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі – 1200 орынға арналған заманауи «Келешек мектеп» пайдалануға дайындалуда. Қазіргі таңда білім ордасының құжаттамаларын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мектеп оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына бағытталған барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген.
Мектеп ғимараты толықтай заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жалпы білім беру үдерісі 52 оқу кабинетінде ұйымдастырылады. Әрбір кабинет дидактикалық материалдармен, көрнекі құралдармен және қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Барлық 52 кабинетке интерактивті тақталар орнатылып, оқу үдерісі цифрлық технологиялар негізінде жүзеге асырылады.
Ақпараттық технологияларды меңгеруге ерекше көңіл бөлінген. Бүгінде мектепте оқушылардың пайдалануына арналған 133 компьютер мен 103 ноутбук бар. Информатика кабинеттері соңғы үлгідегі 3D принтерлермен жабдықталған. Сонымен қатар STEM және робототехника кабинеттері жұмыс істейді. Робототехника сыныптарында арнайы дрондар қарастырылып, оқушылардың бағдарламалау, инженерия және заманауи IT бағытындағы тәжірибе



