🎼Домбыра – қазақтың үні ғана емес, ұлттың жаны. Бүгін біз ағашқа жан бітіріп, күйге үн сыйлайтын домбыра шеберінің бір күніне куә болдық.
Оның әр қимылы – дәлдік, әр еңбегі – өнер, ал басты мақсаты – қазақтың қара домбырасын әр шаңыраққа жеткізу.
“Менің арманым - шеберханамды кеңейтіп, көп көлемде сапалы, үні таза домбыра жасап, халыққа қолжетімді ету. Әр қазақтың төрінде үкі тағылған домбыра тұрса екен деймін. Домбыраны көріп өскен бала ұлттық рухпен тәрбиеленіп, елін, жерін құрметтейтін азамат болып қалыптасады. Домбыра - жай аспап емес, ол - ұлттық құндылығымыздың бір белгісі”, - дейді шебер.
Домбыраның үні үзілмесе, қазақтың рухы да мәңгі жасай береді.




