Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраулық әнші республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында халық композиторы, әнші-ақын, күйші, домбырашы Мұхит Мерәліұлының туғанына 185 жыл толуына арналған «Сары дала сағынышы – Сал Мұхит» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.

Қазақтың дәстүрлі ән өнеріндегі Мұхит мұрасын ұлықтауды мақсат еткен өнер додасына Алматы, Астана қалалары мен Ақмола, Жетісу, Абай, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан келген 34 үміткер қатысты.
Сайыста Атырау өңірінің намысын қорғаған Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әншісі, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері Жасұлан Базарбаев үздік өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ атыраулық өнерпаз дәстүрлі ән өнерін орындау мен дәріптеуге қосқан үлесі үшін «Күміс көмей» медалімен марапатталды.

1001550811


Жерлесіміздің жетістігін ұлттық ән өнерін дәріптеуге қосылған сүбелі үлес әрі өңір мәдениетінің мерейін үстем еткен қуанышты жаңалық деп айтуға болады. Жасұлан Базарбайұлын кезекті жеңісімен құттықтап, шығармашылық жолына толағай табыс, сарқылмас шабыт және жаңа биік белестер тілейміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT