Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраудағы №51 "Келешек" мектебінің жазғы лагерінде робототехника курсы өтуде

Атырау қаласындағы №51 жалпы орта білім беретін мектептің жазғы лагерінде оқушылар үшін робототехника курсы ұйымдастырылды.

Курсқа 15-ке жуық оқушы қатысып, арнайы конструкторлардың көмегімен роботтар, дрондар және түрлі техникалық құрылғыларды құрастыруды үйренуде. Сабақ барысында балалар инженерлік ойлау қабілетін дамытып, бағдарламалау мен құрастырудың бастапқы дағдыларын меңгереді. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, оқушылар бір жобаны орта есеппен 2–3 сағат ішінде жинақтай алады. Бұл олардың техникалық шығармашылығын, логикалық ойлауын және командалық жұмыс істеу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Робототехника курсы мектептің жазғы лагерінде ұйымдастырылған білім беру бағыттарының бірі болып табылады және оқушылардың жазғы демалысын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT