Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда медицина саласының үздіктері марапатталды

Атырауда медицина қызметкерлері күні мерекеленді. Салтанатты іс-шарада өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандар түрлі марапатқа ие болды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Сала үздіктеріне облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттары, Ұлттық медициналық қауымдастықтың «Мамандығына адалдығы үшін» және «Мейірім» төсбелгілері, Атырау аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Алғыс хаттары, сондай-ақ «SENIM» салалық кәсіподағының «Үздігі» төсбелгісі мен Құрмет грамоталары берілді.

Марапат иелерінің бірі – Қызылқоға аудандық ауруханасында 45 жылға жуық еңбек еткен провизор Жеңіс Үмбетбаева. Ол көпжылдық адал қызметі үшін «Мамандығына адалдығы үшін» төсбелгісімен марапатталды.

– Бүгінгі құрмет – біз үшін үлкен қуаныш. Еңбегімізді бағалап, қолдау көрсеткен ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын. Медицина қызметкерлерінің еңбегі әрдайым ел ықыласына бөлене берсін, – деді ол.

Мерекелік шарада медицина қызметкерлері арасында дәстүрлі түрде өтетін  «Med Fest Sport – 2026» спартакиадасының жеңімпаздары да марапатталды. Биылғы жарысқа облыстағы 28 медициналық мекемеден 400-ден астам қызметкер қатысып, ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынады.

Осылайша, кәсіби мереке аясында медицина мамандарының еңбегі еленіп қана қоймай, олардың ұйымшылдығы мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы белсенділігі де жоғары бағаланды.

Ақ халатты абзал жандардың еңбегін ұлықтаған мерекелік жиынды «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT