Би, музыка, интерактив және түрлі белсенділік алаңдары. Мұнайлы астанада өтіп жатқан «Atyrau Volunteer Fest» фестивалі кәдімгі қалалық күнді идеялар мен жанды қарым-қатынас кеңістігіне айналдырды. Сұлтан Бейбарыс атындағы алаңда волонтёрлер, студенттер және қоғамдық ұйым өкілдері жиналды.
Фестиваль UNICEF, БҰҰ еріктілері бағдарламасын және 15-ке жуық бастаманы біріктірді. Мұнда тек демалып қана қоймай, еріктілер қатарына қалай қосылуға болатынын да білуге болады. Қонақтар әртүрлі аймақтарды аралап жүр. Фестиваль аясында әртүрлі шаралар өтті. Бір жерде талқылау және спикерлермен кездесулер өтсе, екінші шетінде тимбилдинг ойындары өтіп, әрі қарай шығармашылық алаңдар мен жәрмеңке ұйымдастырылды. Негізгі назар жастардың тек тыңдап қана қоймай, қатысып, экологиядан бастап әлеуметтік көмекке дейінгі түрлі бағыттарда өздерін сынап көруіне аударылған. «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасының айтуынша, мұндай формат волонтёрліктің формалдылық емес, белсенді әрі заманауи өмірдің бір бөлігі екенін көрсетуге көмектеседі.
– Біз жастарға жай ғана волонтёрлік туралы дәріс оқылатын форматтан бас тартқымыз келді. Мұнда олардың өздері байқап көріп, пікірлесіп, сұрақ қойып, бәрінің қалай жұмыс істейтінін іс жүзінде көруі маңызды. Сонда ғана шынайы қызығушылық пен қатысуға деген ниет пайда болады, – деді Курметұлы.
Фестиваль гала-концертпен аяқталады. Оның хедлайнері – ARO (Арман Көмекұлы).
Георгий Шапошников, Сурет автордан


