Бұған дейін Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының тарихта тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.
Бүгін тарихи жетістікке жеткен спортшылар Атырауға оралып, оларды әуежайдан зор қошеметпен қарсы алды. Ұлттық құраманың негізгі құрамын атыраулық спортшылар құрады. Құрама сапындағы 14 ойыншының 10-ы – Атырау облысының спортшылары.
Сондай-ақ ұлттық құраманың көмекші жаттықтырушылары Ернар Матеуов, Тұрлан Қаратаев және Расул Иманғалиев те – атыраулық мамандар. Жүлдегерлер қатарында Атырау облысының спортшылары да бар. Турнир қорытындысы бойынша жерлестеріміз жоғары жеке марапаттарға ие болды. Бұған дейін Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының тарихта тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін тарихи жетістікке жеткен спортшылар Атырауға оралып, оларды әуежайдан зор қошеметпен қарсы алды. Ұлттық құраманың негізгі құрамын атыраулық спортшылар құрады. Құрама сапындағы 14 ойыншының 10-ы – Атырау облысының спортшылары. Сондай-ақ ұлттық құраманың көмекші жаттықтырушылары Ернар Матеуов, Тұрлан Қаратаев және Расул Иманғалиев те – атыраулық мамандар.
Жүлдегерлер қатарында Атырау облысының спортшылары да бар. Турнир қорытындысы бойынша жерлестеріміз жоғары жеке марапаттарға ие болды. Menu Атырау газеті Search for Құрылтай 248b9508 0e46 46f0 a830 e1249c625807 Home/Спорт Спорт Атырау әлем чемпионатының жүлдегерлерін қарсыалды.
Бұған дейін Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының тарихта тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін тарихи жетістікке жеткен спортшылар Атырауға оралып, оларды әуежайдан зор қошеметпен қарсы алды. Ұлттық құраманың негізгі құрамын атыраулық спортшылар құрады. Құрама сапындағы 14 ойыншының 10-ы – Атырау облысының спортшылары. Сондай-ақ ұлттық құраманың көмекші жаттықтырушылары Ернар Матеуов, Тұрлан Қаратаев және Расул Иманғалиев те – атыраулық мамандар. Жүлдегерлер қатарында Атырау облысының спортшылары да бар. Турнир қорытындысы бойынша жерлестеріміз жоғары жеке марапаттарға ие болды.
Атап айтқанда, Пердебай Намұратов чемпионаттың үздік шабуылшысы, ал Шыңғыс Медеуов үздік қорғаушы атанды. Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауовтың айтуынша, бұл жетістік – ұзақ жылғы жүйелі дайындықтың нәтижесі. – Қуанышымызда шек жоқ. Бүгін спортшыларымыз әлемдік аренада өздерінің мықтылығын дәлелдей білді. Бұл – бірнеше жылдық еңбектің нәтижесі. Қазақстанның отырып ойнайтын волейболы жаңа белеске көтерілді.Екі шәкіртімнің үздік шабуылшы және үздік қорғаушы атануы біз үшін ерекше қуаныш. Алда биыл Жапонияда өтетін Азия ойындары, келесі жылы Азия чемпионаты және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындары бар.
Сол жарыстарда да биік нәтижелер көрсету үшін жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз. Еліміздің спорты дами берсін, спортшыларымыз көк туымызды әрдайым биікте желбірете берсін, – деді бас бапкер. Атыраулық спортшылардың бұл жетістігі өңір тарихындағы айтулы белестердің бірі болды.
Ботагөз ИСАТАЙ



