Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда материалдық емес мәдени мұраны ұрпаққа жеткізу жолдары талқыланды

«Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» аймақтық семинарында ауызша-кәсіби дәстүр мектебі, ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени сабақтастық мәселелер көтерілді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиында Атырау өңірінің ауызша, музыкалық және поэтикалық мұраны сақтап, жеткізудегі орнына ерекше мән берілді. Профессор Меруерт Құрманғалиеваның айтуынша, ұлттық мәдениеттің сабақтастығын қамтамасыз етуде орындаушы тұлға, жергілікті жады және «ұстаз-шәкірт» дәстүрі маңызды.

– Айтыс – импровизация мен диалогқа құрылған өнер. Терме – өсиет пен этиканың көрінісі. Ал күй – тарихтың үні. Осылардың барлығын біріктіретін ортақ өзек – ауызша жеткізу, жергілікті жады және оны орындаушы тұлға. Сондықтан ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізуде «ұстаз-шәкірт» институтының маңызы зор, – деді профессор.

Семинар барысында материалдық емес мәдени мұраны зерттеу және құжаттау бағытындағы жұмыстар да таныстырылды. Өңірде ұйымдастырылған этнографиялық экспедициялар кезінде дәстүрлі ән-жыр, күй, қолөнер, ауызша мұра және басқа да ұлттық құндылықтар зерделенген.

Сондай-ақ жиын аясында профессор Шахман Нағымовтың «Атырау өлкесінің материалдық емес мәдениеті: өткені және бүгіні» атты кітабының тұсаукесері өтті. Еңбекте өңірдің ұлттық ойындары мен материалдық емес мәдени мұрасына қатысты деректер қамтылған.

– Ұлттық ойындар – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымынан сыр шертетін мәдени мұраның бір бөлігі. Оларды зерттеп, дәріптеу және келешек ұрпаққа жеткізу маңызды, – деді профессор Шахман Нағымов.

Жиынға мәдениет саласының мамандары, зерттеушілер, этнографтар, қолөнер шеберлері мен материалдық емес мәдени мұраны жеткізушілер қатысып, ұлттық құндылықтарды сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT