Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Астанада «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті

Астанада өтіп жатқан Atyrau Creative Days креативті жәрмеңкесі аясында «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблінің арнайы концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, ұлттық өнерді дәріптейтін концерттік бағдарламаны тамашалады. Концерт барысында «Көшпенділер», «Бозінген», «Қасым хан» және басқа да музыкалық туындылар орындалды.

 Ансамбль мүшелері ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен этно-фольклорлық музыканы заманауи орындау үлгісінде ұсынып, Астана тұрғындары мен қонақтарына ерекше музыкалық кеш сыйлады. Кеш барысында қазақтың дәстүрлі өнері мен музыкалық мұрасы насихатталып, Атырау өнерпаздарының шығармашылығы көпшілікке таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT