Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен республикалық музыкалық флешмоб ұйымдастырылып, бейнеролик дайындады.
Флешмобқа Қазақстанның барлық өңірлерінен келген хор ұжымдары қатысып, композитордың кеңінен танымал «Ақ көгершін» әнін орындады.
Бұл бастама шығармашылық ұжымдарды біріктіріп қана қоймай, музыка арқылы бірлік пен бейбітшілік идеясын насихаттай отырып, ұлы композиторға кең ауқымды форматта тағзым етуге бағытталған ерекше мәдени жоба болды.
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туған күні қарсаңында, яғни 29 сәуір күні, аталған бейнероликті төмендегі хэштегтермен жарияланатын болады.


