Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Миялы ауылындағы жаңа саябақта «Абай әлемі – жүрекке саяхат» атты мерекелік шара болып өтті. Шараның алғашқы «Ой толғау» бөлімінде «Абайды танудың ең үлкен жолы – оның шығармаларын оқу» деген қағиданы негізге ала отырып, аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «АБАЙ ART менің қиялымдағы Абай әлемі» суретшілер мен «Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы» атты кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынды.

Екінші бөлімде «Абайдың аманаты» атты театрландырылған қойылым қойылып, одан соң, аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев Абай күнімен құттықтап, шараның мән-маңызына тоқталды.

Үшінші «Абайдың сөзі – халықтың үні» бөлімінде аудандық Оңалту орталығының психологы Назира Жәрдемғалиева, «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі Гүлғайша Ахметова, Миялы балалар өнер мектебінің мұғалімі Назым Бағдатова, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Зарухат Аманжанқызы, аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нариман Мұхтарұлы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп оқушысы Сымбат Найзабек, Ғалым Білал, аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы Мөлдір Еркінқызы ақын өлеңдерін тебірене оқыса, таным мен тапқырлықты тоғыстыратын «Абай QUIZ» интеллектуалды ойыны да жоғары деңгейде өтті. Онда Абай туралы логикалық сұрақтар қойылып, оған көрермен белсене қатысты.

 Одан соң, ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналған «Қара сөздер – рухани әуен» атты аудандық байқау өтті. Оған Миялы, Көздіғара, Қызылқоға, Тасшағыл, Жамбыл, Мұқыр, Ойыл, Тайсойған, Жангелдин ауылдық округтерінен үміткерлер қатысып, екі кезең бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, Абай әндерін жанды дауыста орындау бойынша Кәусар Мұхит (Мұқыр ауылдық округі) І орынды жеңіп алса, Жанель Жолдас (Көздіғара ауылдық округі) ІІ орынды, Нэйля Иғали (Жамбыл ауылдық округі) ІІІ орынды иеленді. Кәусар Серік (Қызылқоға ауылдық округі), Гүлназым Берік (Тайсойған ауылдық округі), Айсана Камидоллалар (Жангелдин ауылдық округі) ынталандыру сыйлығына ие болды. Ал Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқу кезеңінде Орынханым Қанатбай (Миялы ауылдық округі) І орынды жеңіп алса, Қаракөз Бернияз (Жамбыл ауылдық округі) ІІ орынды, Ділшат Жолдас (Тасшағыл ауылдық округі) ІІІ орынды иемденді. Құралай Қонысбай (Қызылқоға ауылдық округі), Сара Құспан (Көздіқара ауылдық округі), Айзада Алтай (Ойыл ауылдық округі), Нұрайша Мәжиттер (Мұқыр ауылдық округі) ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Сол сияқты «Абайдың әндері – жүрек әуені» атты әуенді тап музыкалық ойын өткізіліп, көрерменге Абай Құнанбаевтың әндері жасырылды. Осылайша тағылымға толы кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT