Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

4000-ҒА ЖУЫҚ АВТОРЛЫҚ БҰЙЫМ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Атырау қаласында «ШеберFEST – 2026» қолөнершеберлерінің халықаралық фестивалі басталды. Мұнайлы өлке ұлттық өнер мен мұраны ұлықтаған ірі мәдени алаңға айналды. Ауқымды шараға Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 100-ге жуық қолөнер шебері қатысуда.

Фестиваль барысында киіз өнері, зергерлік бұйымдар, ағаш ою, ұлттық аспаптар, тоқыма және этно-дизайн бағытындағы 4000-ға жуық бірегей туынды көпшілік назарына ұсынылды. Көрме-жәрмеңкеде шеберлер өз жұмыстарын таныстырып қана қоймай, сатылымға шығарды. Фестиваль аясында ұлттық тағамдар көрмесі, этнодефиле қонақтарға қазақ халқының дәстүрі мен тұрмысын тереңірек таныстыруға мүмкіндік берді.

 «ГастроFEST» алаңында ауылдан өндірілген ұлттық тағам өнімдері мен дәстүрлі дәмдер атыраулықтардың ерекше қызығушылығын тудырды. “ШеберFEST – 2026” халықаралық фестивалінің екінші күні де мазмұнды бағдарламаларға толы болмақ. Ертең Фестиваль аясында келушілерге киіз басу, алаша тоқу, зергерлік бұйымдар жасау, тері және ағаш өңдеу, қыш құмыра дайындау, тоқыма тоқу сынды ұлттық қолөнер түрлерінен шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, іс-шара ұлттық рухты асқақтатқан спорттық-танымдық ойындарға, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласады .

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT