Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда дәрігерлерді баспанамен қамту ауқымы кеңейіп келеді

Атырау облысында медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Былтыр 40 медицина қызметкері баспанамен қамтылса, қазір тағы 23 маманның құжаттары қаралуда, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Өңірде тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мақсатында жеңілдетілген несиелік бағдарлама іске қосылған. Жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, «Отбасы банкі» арқылы 5 пайыздық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасыз несие беру тетігі енгізілді. Соның нәтижесінде 2024 жылы 43 медицина қызметкері баспаналы болды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтің айтуынша, 2024 жылы өңірде 111 қызметтік пәтер сатып алынып, медицина мамандарына берілген. Бұл шаралар кадр тапшылығын азайтып, білікті мамандарды өңірде тұрақтандыруға бағытталған.

Сондай-ақ бұған дейін де мамандарды қолдау мақсатында пәтер жалдау шығындары өтеліп келген. Атап айтқанда, 2022 жылы 66 медицина қызметкеріне 36,2 млн теңге, ал 2023 жылы 78 маманға 48,2 млн теңге көлемінде қаржы төленген.

Мамандардың айтуынша, медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Сонымен қатар тәжірибелі орта буын медицина мамандарына арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT