Отбасыларға бала сүю мүмкіндігін арттыру және репродуктивті денсаулықты қолдау бағытында іске асқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2021–2025 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Осы кезеңде аймақта 1088 әйелге экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасынан өту үшін тегін жолдама берілді.
Бағдарлама аясында ЭКҰ процедурасынан өткен әйелдердің 394-і ана атанды. 2021 жылы – 77, 2022 жылы – 65, 2023 жылы – 87, 2024 жылы – 89, ал былтыр 76 әйел ЭКҰ нәтижесінде бала сүйді. Бағдарлама былтыр аяқталды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде репродуктивті денсаулықты сақтау, бедеуліктің алдын алу және емдеудің заманауи әдістерінің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.



