Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жылыойлық оқушылар жазғы демалыста STEM және робототехника әлеміне саяхат жасады

Жылыой ауданында жас ұрпақтың техникалық білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған «JasUP – STEM, инженерия, робототехника және техникалық дағдыларды дамыту» жобасы аясында ауқымды жазғы білім беру бағдарламасы жүзеге асырылды.

Жоба шеңберінде Құлсары қаласы мен ауданның ауылдық елді мекендеріндегі мектеп оқушылары үшін заманауи технологиялар бағытында көшпелі шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Бағдарламаға Қосшағыл, Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай, Майкөмген, Жаңа Қаратон, Тұрғызба ауылдары және Құлсары қаласындағы бірнеше білім ордасы қатысты.

Жазғы лагерь барысында балалар STEM, робототехника, инженерлік жобалау, электроника және бағдарламалау негіздері бойынша тәжірибелік білім алды. Қатысушылар роботтарды құрастырып, олардың жұмыс механизмдерін зерттеп, түрлі командалық тапсырмалар арқылы өздерінің шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамытты.

Теория мен тәжірибені ұштастырған сабақтар оқушыларға жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін таныстырып қана қоймай, болашақ мамандық таңдауға да бағыт-бағдар берді.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы Атырау Hub алаңында қосымша STEM лагері өткізіліп, оған қатысқан оқушылар робототехника бойынша тереңдетілген шеберлік сабақтарынан өтті. Олар инновациялық жобалармен жұмыс істеп, цифрлық технологияларды қолданудың алғашқы тәжірибесін жинақтады.

Нәтижесінде, маусым айында ұйымдастырылған лагерьлер мен практикалық сабақтар арқылы 457 оқушы STEM және робототехника бағытындағы білім беру бағдарламаларымен қамтылды. Бұл бастама өңірдегі балалардың ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға және инженерлік-технологиялық мамандықтарға қызығушылығын арттыруға маңызды үлес қосты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT