Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАС ТЕХНИКТЕР ЖЕТІСТІГІ

 Бүгінгі күннің маңызды тақырыбы - оқушылардың техникалық шеберлігін арттырып, инженерлік-техникалық мамандандыру және робототехниканы насихаттап, робототехника саласындағы инновациялық, ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Осы ретте Индер ауданында мектеп оқушыларының ғылыми-техникалық бағыттарға арналған «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар» (әуе, зымыран, дрон, көлік, кеме құрастыру) облыстық байқауы өтті.

Оған аудандық оқушылар үйінің оқушылары қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Дрондар номинациясында - Асылзат Асхатұлы, Зымыран модельдері номинациясында - Әміртемір Қожағали мен Мұхаммед Жеңісбекұлы ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, оқушыларды жарысқа дайындаған үйірме жетекшісі Жеңісбек Қожағалиға Алғыс хат табыс етті.

 – Мектепте сабақтан тыс уақытта жүргізілетін техникалық-шығармашылық үйірменің мүмкіндігі зор. Үйірмеде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен модель түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, оған талдау жасайды. Ол оңай дүние емес. Бір сала да бірнеше саланың басын қосып, тәжірибе жинақтайды. Міне осыдан кейін жас техниктер болашақ кәсіптерін анықтап, техника әлемін зерделеуге, әртүрлі салалар бойынша қабілеттерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндіктері бар, – дейді үйірме жетекшісі Жеңісбек Қожағали.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT