Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ - ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ!

2026 жылдың тамыз айында Атырау облысы Құрманғазы ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 600 орындық М.В. Ломоносов атындағы мектеп өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылында бұл заманауи білім ордасында 835 оқушы білім алатын болады.

Озық технологиялармен жабдықталған мектепте оқушылардың сапалы білім алуы мен шығармашылық дамуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус пен лифт, екі спорт залы, кең әрі көркем акт залы, хореография залы, арт-терапия кабинеті және толық жабдықталған робототехника кабинеттері.

Бұл – ауыл балаларының білім көкжиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілеті мен зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған игі бастама. ⚜️Спорт пен өнерді, ғылым мен инновацияны қатар дамытатын бұл білім ордасы ауыл балаларының үлкен армандарына жол ашады.

Жаңа мектеп – жаңа белестердің бастауы. Ұстаздар қауымына шығармашылық табыс, ал шәкірттерге білім мен жеңіске толы жарқын оқу жылы тілейміз!

 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT