«Келешек мектептері» дәстүрлі білім беру ұйымдарынан кең инфрақұрылымы мен озық материалдық-техникалық базасымен ерекшеленеді.
Мұнда бірнеше спорт залы, STEM және IT зертханалары, робототехника кабинеттері, химия, физика және биология пәндеріне арналған зертханалар, сондай-ақ ағаш және металл өңдеу, тігін шеберханалары қарастырылған.
Бұдан бөлек, кітапхана, коворкинг аймақтары, шығармашылық студиялар мен демалыс орындары да жабдықталған.
Осындай мүмкіндіктер оқушылардың тек теориялық білімін ғана емес, шығармашылық және практикалық қабілеттерін де дамытуға жол ашады.
Сонымен қатар ерте жастан кәсіптік бағдар беруге ерекше көңіл бөлініп, оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауына жағдай жасалады.




