Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АТЫРАУДА ПАТРИОТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Атырау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Келешек мектебі»  жобасы аясында салынған №47 жалпы білім беретін орта мектебі базасында “Отанға адал қызмет - ұрпаққа мәңгілік өнеге” тақырыбымен кезекті қалалық патриоттық шара өткізілді.

Жиынның басты мақсаты - жас буынның жүрегіне туған елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті ұялату, бейбіт күннің қадірін түсіндіру болды. Кеш шымылдығы әсерлі театрландырылған қойылыммен түріліп, елге қызмет етудің мәні сахналық көрініс арқылы ашылды. Шара барысында бейбіт күннің батыры Шалқар Ақымғалиевтің өмір жолына арналған бейнеролик көрсетілді. Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» қағидатын дәріптеуді мақсат еткен бұл жиынға Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев, қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова, №47 орта мектебінің педагогтік ұжымы мен 10-11 сынып оқушылары және қалалық білім бөліміне қарасты 71 мектептің директорлары қатысты.

Сонымен қатар қатысушылар арасында Шалқар Ақымғалиевтің анасы Ләззат Мәженқызы да болды. Шара аясында рухты әндер шырқалып, атыраулық оқушылар мен мұғалімдер өз өнерлерін ортаға салады. Бүгінде Атырау қаласындағы мектептерде «Жас сақшылар», «Жас сарбаздар» және «Жас құтқарушылар» сияқты әскери-патриоттық ұйымдар белсенді жұмыс істеп келеді. Осы шара аясында аталған ұйымдардың мүшелері өздерінің перзенттік махаббатын «Мен қазақтың баласымын» атты рухты әнімен жеткізді. Осындай мазмұнды шаралар арқылы Отанға сүйіспеншілік ұрпақ санасына терең тамыр жайып, ел болашағына сенімді қадам жасалады деп сенеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT