Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАРАЗДАН ТАМАША ЖАҢАЛЫҚ

 Соңғы уақытта аудан педагогтары мен оқушылары түрлі білім додаларында толағай табысқа қол жеткізіп, жетістіктерімен қуантып жүргені белгілі. Сондай ақжолтай хабардың бірі Тараз қаласынан жетті.

Атап айтқанда, 3–7 сәуір аралығында Тараз қаласында жалпы білім беретін мектептер арасында Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті. Бұл сында еліміздің 20 өңірінен өз пәндері бойынша үздік шыққан оқушылар бас қосып, 4 күн бойы білім додасында бақ сынады.

Аталмыш додада облыс намысын қорғаған Қаракөл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Исламия Жәнібекқызы Қазақстан тарихы пәнінен үшінші орынды жеңіп алды. Бұл Исламияның алғашқы жетістігі емес. Соңғы үш жыл қатарынан облыстық олимпиадада топ жарған ол, былтыр Астана қаласында өткенде ауыл мектептері оқушыларының республикалық пәндік олимпидасынан екінші орын алған болатын. Бірақ, Тараз қаласында өткен бұл доданың жөні басқа, деңгейі жоғары. Себебі, бұл білім додасына тек ауыл мектептері ғана емес елімізге танымал Назарбаев зияткерлік мектебі, «Бином», Республикалық физика-математика мектебі сынды білім ордаларының үздік оқушылары қатысты. Бұл ретте, Исламияның жетекшісі, Қаракөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Фарида Суатова:

 – Исламия оқушымыз жасынан зерек, алғырлығымен көзге түсті. Білімді бірінші орынға қоятын талантты оқушы. Бұл жолғы білім додасына да өте тыңғылықты дайындықпен барды. Еліміздегі жалпы білім беретін мектептер түгел қатысқандықтан қиындау болатын шығар деп едік. Бірақ, қызымыз жарады. Бұл жолғы олимпиада екі бөлімнен тұрған. Бірінші бөлімде 45 ұпайдың 40 ұпайын жинаса, екінші бөлімде 26 ұпай жинады. Сөйтіп 66 ұпаймен үшінші орынға ие болып отыр. Бұл да болса керемет нәтиже. Сонымен қатар ол "Алтын белгіге" үміткер. Тағы бір қуанышты жаңалық – қазірдің өзінде ол Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінің тегін оқу білім грантының иегері. Ол грант оған биыл облыстық пәндік олимпиадада бірінші орын алғаны үшін берілді. Бірақ, өзі медициналық университетке түсіп, дәрігер болғысы келеді. Қай саланы, қай бағытты таңдаса да оқушыма әрдайым сәттілік тілеймін, - деп ағынан жарылды.

 Расымен де, қарапайым ғана ауыл мектебінен шығып бірнеше облыстық, республикалық білім додаларында жүлдегер атанып жүрген Исламияның жетістігі ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Ендеше, жерлес оқушымызға бұдан да зор жетістік тілейміз.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT