Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ

Білім күні Миялы ауылындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінде салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау соғылды. Мерейлі мерекені паш еткендей аталмыш білім ордасының ауласы безендіріліп, сазды әуендер ойналып тұрды.

Қолдарына мұғалімдеріне сыйлайтын  гүл шоқтарын ұстаған оқушылар мектеп ауласына жиналды. «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты шараға ұстаздар, ата-аналармен бірге 1-сынып және 11-сынып оқушылары қатысты. Ортаға 1-сынып оқушылары алғашқы ұстаздарымен келіп, сапқа тұрған соң Мемлекеттік Әнұран орындалып, мектеп директоры Айнұр Мұқсанова  құттықтау тілектерін білдіріп, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.

Одан соң, аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали ақжарма тілегін білдіріп, «Таза Қазақстан» акциясына ауданда ашылған жаңа саябақта ерікті түрде Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп оқушысы Әділхан Есболат атсалысып, көпке үлгі болғаны үшін велосипед табыстады.

Сонымен қатар, аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері Күнсұлу Бисенбаева мен аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Руслан Байтенов мінбеге көтеріліп, білім күнімен құттықтады. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT