
Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктердің бастауы. №51 «Келешек» мектебінде білім алушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстар жалғасын табады.
Мектептің МИФ бірлестігі – математика, информатика және физика пәндерінің ұстаздары жаңа оқу жылында оқушылардың логикалық ойлауын, ғылыми-зерттеушілік қабілетін және цифрлық сауаттылығын дамытуға басымдық береді.
Математика – логиканы, информатика – цифрлық сауаттылықты, ал физика – зерттеушілік ойлауды қалыптастыратын маңызды пәндер.
Ұстаздар оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттырып, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысуына қолдау көрсетуді мақсат етіп отыр.



