
№47 «Келешек» мектебінде 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр.
Білім ордасына ағымдағы жылы 6 жасқа толатын немесе 6 жасқа толған балалар қабылданады. Бұл – мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер үшін жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктерге бастайтын маңызды кезең.
Ата-аналар баласын бірінші сыныпқа қабылдату үшін қажетті құжаттарды eGov.kz электронды порталы арқылы онлайн түрде немесе тікелей білім беру ұйымына келіп тапсыра алады.
Мектеп ұжымы болашақ бірінші сынып оқушыларын жаңа оқу жылында қарсы алуға дайын. Білім ордасында балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға басымдық берілмек.
Мектеп басшылығы ата-аналарды құжаттарын уақытылы тапсырып, баласының мектептегі алғашқы қадамын бірге бастауға шақырады.



