Коучинг тақырыбы: «Мұғалімдерді сабақ жоспарын құруға, тест тапсырмаларын дайындауға көмектесетін AI құралдарымен (ChatGPT, Claude, заманауи презентация жасау бағдарламаларымен) таныстыру және практика жүзінде қолданып көру».
Іс-шараны ұйымдастырып, өткізген мұғалімдер – Мауытова Жансая және Есмағанбетова Гүлбану.
Коучинг барысында ұстаздар жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерімен танысып, оларды сабақ барысында тиімді қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді.
Коучингтің мақсаты – мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, заманауи AI құралдарын тиімді пайдалану арқылы оқу процесін жетілдіру.
Шара мазмұнды әрі пайдалы өтті.




