Астана қаласында өткен республикалық Көшбасшылар форумында Қарабау орта мектебінің 11-сынып оқушысы Құралай Болатқызы жоғары нәтиже көрсетіп, республиканың 10 үздік оқушысы қатарына енді.
Құралай алдымен облыстық іріктеуде 50 оқушының арасынан озып шығып, республикалық кезеңге жолдама алды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100 оқушы қатысқан форумда өзінің білімін, белсенділігі мен көшбасшылық қабілетін танытып, үздік ондыққа енді.
Сонымен қатар, форум барысында ол Атырау облысы оқушылары Альянсының төрағасы болып сайланды. Жас көшбасшының жетістігінде жетекшісі Айдана Әбдіқадырқызының еңбегі зор. Бұл жетістік – шәкірттің, ұстаздың және Қарабау орта мектебінің ортақ мерейі.
Абзал ШОҚАН,
Қарабау орта мектебінің директоры




