
«Келешек» мектептерінде оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, танымдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Көркем әдебиет пен танымдық шығармаларды оқу арқылы балалардың дүниетанымы байып, қиялы мен шығармашылық қабілеттері шыңдалады. Кітап оқу оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілетін жетілдіруге және өз ойын еркін жеткізуіне ықпал етеді.
«Келешек» мектептерінде кітап оқуға қызығушылықты арттыру, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және білімге деген құштарлығын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Мақсат – кітап оқитын, ойы ұшқыр, ізденімпаз әрі шығармашыл ұрпақ тәрбиелеу.



