Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Келешек» жазғы сауықтыру лагерінде Денсаулық күні көтеріңкі көңіл-күймен өтті

Бүгін «Келешек» жазғы сауықтыру лагерінде Денсаулық күні көтеріңкі көңіл-күймен өтті.

Күн дәстүрлі таңғы жаттығумен басталып, оқушылар сергектік пен белсенділікке ие болды. 

Іс-шара барысында мектеп спортзалында эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, балалар өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін көрсетті. 

Денсаулық күнінің басты мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, дене белсенділігін арттыру және ұжымдық рухты нығайту.

Жарысқа қатысқан әрбір оқушы белсенділік танытып, жақсы көңіл-күй мен жағымды әсер алды. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы – бұл күннің ең басты нәтижесі болды. 
Осындай пайдалы әрі қызықты шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады!

Баршаңызға мықты денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT