Бүгін «Келешек» сауықтыру лагерінде тынығушылар үшін ерекше әрі өте қызықты шығармашылық арт-шара өтті. Балалар акварель бояуларымен сурет салып, өз қиялдарындағы әсем балықтарды бейнеледі. Әр туынды – ерекше әлем!
Ал ең қызығы – олар өз жұмыстарын «суға жібергендей» әсер алып, шығармашылық процесс арқылы табиғатпен үйлесімділікті сезінді. Бұл шара балалардың қиялын дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға және эстетикалық талғамын қалыптастыруға зор мүмкіндік берді.




