Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Келешек» мектеп жанындағы жазғы лагерьде спорттық эстафета ұйымдастырылды

№46 «Келешек» мектеп жанындағы жазғы лагерьде оқушылар арасында көңілді әрі тартысты спорттық эстафета өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру және командалық рухты нығайту.

Эстафета барысында қатысушылар түрлі спорттық тапсырмаларды орындап, өздерінің ептілігі мен шапшаңдықтарын көрсетті. Оқушылар белсенділік танытып, әр кезеңде өз командаларының намысын қорғауға тырысты.

Спорттық шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық пен ұйымшылдықты арттыра түсті. Жазғы лагерь аясында өткізілген мұндай іс-шаралар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және денсаулықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Н. Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT