Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Келешек – мектеп»: болашақ көшбасшылар ордасы

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Келешек – мектеп» жобасы білім беру сапасын арттырумен қатар, мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға бағытталған. Бұл бастаманың нақты нәтижесін Атырау қаласындағы Ақсай ауылында орналасқан №51 жалпы білім беретін орта мектебінен көруге болады.

Білім ордасының іші заманауи талапқа сай жабдықталған. Кең әрі жарық сынып бөлмелері, пәндік кабинеттер, зертханалар, интерактивті тақталар мен цифрлық құралдар – оқушылардың сапалы білім алуына толық мүмкіндік береді. Спорт залы мен алаңдары талапқа сай жасақталған. Шығармашылықпен айналысуға арналған кабинеттер де оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасап отыр. Бір сөзбен айтқанда, мұнда білім алуға барлық жағдай қарастырылған.

Алдымен ұстаздар жетістігіне тоқталсақ, мектеп мұғалімдері де түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері аймақтық «Геолог» волейбол турнирінде I орынды иеленді . Сонымен қатар, мектеп әкелері аймақтық «Салауатты әке – мықты қоғам» интеллектуалдық quiz сайысында III орын алды .

Ұстаздардың жүйелі еңбегінің нәтижесінде оқушылар да табысты өнер көрсетуде. Өнер саласында Самигулла Фариза «Атадан-мұра» республикалық байқауының жеңімпазы атанса, Асланқызы Кәусар халықаралық “Art-Festival” байқауында I орын иеленді .

   Спорт бағытында Ильясұлы Алимұхан қалалық дзюдо жарысында I орын алса, Шәріп Нұрасыл мен Түгелбай Ердәулет II орындарға ие болды .

  Интеллектуалдық додада да мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетуде. Республикалық “Кенгуру” және “Айқанат”олимпиадаларында бірнеше оқушы жүлделі орындарға ие болған.

    Жалпы, №51 мектеп – тек білім беретін орын ғана емес, оқушының қабілетін ашуға толық мүмкіндік жасалған заманауи білім кеңістігі. «Келешек – мектеп» жобасы аясында қалыптасқан осындай орта болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге берік негіз болары сөзсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026