Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Келешек мектебінде жазғы лагерь жұмысы басталды

Атырау қаласындағы №51 жалпы орта білім беретін мектепте бейіндік және «Келешек» жазғы лагерьлері өз жұмысын бастады.

Жазғы демалыс кезеңінде оқушылар үшін ұлттық өнер, робототехника, оқу сауаттылығы, «Таза Қазақстан» жобасы және басқа да шығармашылық-білім беру бағыттары бойынша 12 үйірме ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта үйірмелерге 200-ден астам оқушы қатысуда. Оның ішінде робототехника бағытына 15-ке жуық оқушы тартылған.

«Келешек» лагері екі кезең бойынша өткізілуде. Бағдарлама аясында балалар үшін спорттық жарыстар, танымдық ойындар, шығармашылық байқаулар, экскурсиялар және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, ыстық тамақпен қамтылған.
Тәрбиеші Гүлденайым Адаеваның айтуынша, лагерь оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына, қарым-қатынас дағдыларын дамытуына және жаңа тәжірибе жинауына мүмкіндік береді.

– 15 маусымда бірінші лек аяқталып, екінші лек басталады. Осы уақыт ішінде балалар бір-бірімен жақын араласып, достасып үлгерді. Күн сайын түрлі көңілді жарыстар мен қызықты іс-шаралар өткіземіз, – дейді ол.

Ал лагерь қатысушысы Айзере Қайырғали мұндағы әр күннің ерекше өтетінін айтады. Оның сөзінше, лагерьде жаңа достар тауып, түрлі ойындар мен танымдық шараларға қатысу балалардың уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасап отыр.

Мамандардың пікірінше, мұндай лагерьлер балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға да ықпал етеді.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT