Атыраудағы №49 «Келешек» мектебінде 15 мамыр – International Day of Families мерекесіне орай «Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Өнерлі отбасы» сайысы өтті.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту, бірлік пен ынтымақты насихаттау, ұлттық өнер мен салт-дәстүрді ұлықтап, өнегелі отбасыларды үлгі ету.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. «Таныстыру» бөлімінде қатысушылар өз отбасыларын таныстырса, «Әсем әнім сырнайдай» кезеңінде өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар «Отбасылық тағам» турында ұлттық және ерекше тағам түрлерін ұсынып, «Сұрақ тайм» бөлімінде отбасы тәрбиесі мен салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені 2 «Б» сыныбының оқушысы Еркінқызы Ерке анасы Жақыпова Ләззатпен бірге иеленді. І орынды 3 «А» сыныбынан Сержан Асылай анасы Мырзағалиева Әселханмен бірге жеңіп алды. ІІ орын 3 «В» сыныбынан Қайыржан Әсемай мен анасы Құрманғалиева Данаға бұйырды. ІІІ орын 3 «Г» сыныбынан Қуандық Амина, анасы Әжғалиева Сандуғаш, ағасы Қуандық Ерасыл және 2 «Ә» сыныбының оқушысы Нұролла Аяла анасы Латыпуллина Гүлбақытпен бірге марапатталды.
Сайысқа қатысқан барлық отбасылар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара барысында қатысушылар ұйымшылдық пен татулықтың, отбасы бірлігінің жарқын үлгісін көрсетті.
Н. Насыр


