Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Келешек» мектебі цифрлық білім берудегі үздік тәжірибесін таныстырды

Жуырда мектебімізге Caspian News телеарнасының «SmartСана» бағдарламасы арнайы келіп, білім беру үдерісіндегі заманауи бағыттар бойынша ұстаздарымызбен және оқушыларымызбен сұхбат жүргізді. Түсірілім барысында мектептегі цифрлық білім беру, инновациялық жобалар және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер кеңінен қамтылды.

Бүгінгі мұғалім – тек білім беруші ғана емес, оқушыны өмірге бейімдейтін, оның функционалдық және цифрлық сауаттылығын қалыптастыратын, өзгермелі әлемге икемдей алатын кәсіби маман. Осы орайда сабақ барысында жасанды интеллект, цифрлық бағдарламалар, онлайн платформалар мен интерактивті оқыту құралдарын тиімді қолдану – білім сапасын арттырудың негізгі тетігі болып отыр.

Сұхбат барысында Ботагөз Мұхамбетова AqylLab STEAM орталығының жұмысымен таныстырып, орталықтың оқушылардың зерттеушілік, инженерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар, ол өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, облыстық, республикалық жарыстар мен педагогикалық хакатондардың жүлдегері екенін атап өтті.

Ал Гүлбану Есмағанбетова сабақ барысында қолданылатын заманауи тәсілдер туралы айтып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, күрделі тақырыптарды оқушыларға түсінікті ету үшін мультфильмдер мен визуалды контентті қолдану жолдарын көрсетті. Оның тәжірибесі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқу үдерісін жеңіл әрі тартымды етуге бағытталған.

Сонымен қатар, сұхбат барысында оқушылар да өз ойларымен бөлісіп, сабақта қолданылатын жаңа технологиялар мен заманауи әдістердің білім алуға деген қызығушылықтарын арттыратынын атап өтті.

Аталған сұхбат мектеп ұжымының кәсіби әлеуетін, жаңашылдыққа ұмтылысын және білім беру сапасын арттыру жолындағы жүйелі жұмысын көрсетті. Заманауи технологияларды тиімді меңгерген ұстаздар – болашақ білімді ұрпақтың кепілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT