«Ертегі оқып өсемін» тақырыбында №47 мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерь тәрбиеленушілері арасында bookdating шарасын өткізілді.
Шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегілер арқылы олардың қиялын дамыту және адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіру.
Іс-шара барысында балалар сүйікті ертегілері туралы әңгімелеп, ертегі кейіпкерлерін танып, қызықты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар ертегілерден үзінділер оқылып, балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлері мен ертегілерін айтты. Қатысушылар ертегілер әлеміне саяхат жасап, кітап оқудың маңыздылығы туралы мол мағлұмат алды.




