Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Digital Qazaqstan 2026: Utebayev University инновациялық әзірлемелерін ұсынды

Шымкент қаласында еліміздің бірыңғай цифрлық экожүйесін дамытуға бағытталған Digital Qazaqstan 2026 халықаралық форумы өтті. Ауқымды іс-шараға IT саласының мамандары, инвесторлар, мемлекеттік орган өкілдері мен жетекші жоғары оқу орындары қатысты.

Форум аясында Атырау қаласындағы UTEBAYEV UNIVERSITY Alley of Startups алаңында өз жобаларын ұсынған бірден-бір жоғары оқу орны ретінде ерекшеленді. Университет жанындағы AI HUB орталығы қолданбалы жасанды интеллект (ЖИ) шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Аталған оқу орнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, HR Tech жобасы кадрлық процестерді автоматтандыруға бағытталса, Fixit платформасы кибершабуылдарды анықтауға мүмкіндік береді. Ал Erte Damu жүйесі балалардағы даму ауытқуларын ерте кезеңде анықтауға арналған.

Ұсынылған жобалар форумға қатысқан инвесторлар мен компаниялар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, болашақта бірлескен жұмыстар жүргізу мүмкіндіктері қарастырылуда.

Сонымен қатар, университет әзірлемелері Қазақстан Республикасы цифрлық даму вице-министрі Динара Ринатовна Щегловаға және сала мамандарына таныстырылып, жоғары бағасын алды.

UTEBAYEV UNIVERSITY AI HUB орталығының жетекшісі Ақмарал Әбдіғалиева форум барысында ұсынылған жобалардың маңыздылығына тоқталды.

– Біз әзірлеген AI-агенттерімізді және олардың алғашқы тәжірибелік нәтижелерін көрсеттік. Digital Qazaqstan форумы университеттің ЖИ шешімдерін енгізуге дайын екенін және индустриямен әріптестікті дамыту бағытын айқындады, – деді ол.

Айта кетейік, мұндай бастамалар елімізде цифрлық технологияларды дамытуға және отандық инновациялық жобаларды қолдауға серпін береді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT